Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 13.02.2024 № 15/82 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. № 1 қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.
2. № 2 қосымшаға сәйкес Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Жумкина |
Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы | С. Медебаев |
Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2./18 шешіміне 1 қосымша |
Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Ескерту.1-қосымша жаңа редакцияда – Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 2/15 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Жезқазған қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жезқазған қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, атаулы күндер мен мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
5. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:
1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл:
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға;
2) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлеріне.
3) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;
құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;
4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына.
5) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына).
6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:
саяси құғын-сүргін құрбандарына және саяси құғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғаларға.
7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға.
8) 1 қазан - Қарттар күні:
70 жасқа толған және одан асқан зейнеткерлерге.
9) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда оқиғаларға қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға.
7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарындағы азаматтарға көрсетіледі:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра - бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) азаматқа (отбасына) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан оларға не олардың мүлкіне зиян келтіргені бойынша - тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы)
меншік иелерінің біріне - 100 ( жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет, өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап өтініш көрсету мерзімі үш айдан кешіктірмей көрсетіледі;
3) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі азаматтарға (отбасыларға):
ауыр материалдық жағдайға байланысты-ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып, бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
стационарлық емдеуден кейін әлеуметтік мәні бар туберкулез және қатерлі ісік ауруы бар адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай тағайындалады, тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде төленеді.
4) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселік мөлшерінің жетпіс пайыздық мөлшерінен аспайтын, балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын отбасыларға - тоқсан сайын 9 (тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) тұрғын үйді газдандыру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге оның меншік иелері болып табылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын азаматтарға (отбасыларға) не меншік иесінің бірге тұратын отбасы мүшелеріне, оларда және бірге тұратын отбасы мүшелерінде соңғы 5 (бес) жыл бойы басқа тұрғын үй болмаған және жан басына шаққандағы орташа табысы үш еселенген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек жүргізіледі. Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің газ жабдығын жүргізуге және орнатуға байланысты нақты шығындары негізге алына отырып айқындалады, бірақ 250 (екі жүз елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.
11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
12. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.
3-тарау. Қорытынды ереже
13. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.
Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2./18 шешіміне 2 қосымша |
Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3636 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 5 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 19 ақпандағы № 8 (7968) "Сарыарқа", 2016 жылғы 19 ақпандағы № 8 (110) "Жезказганский вестник" газеттерінде жарияланған);
2. Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 3/44 "Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3956 тіркелген, 2016 жылғы 27 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 39 (7999) "Сарыарқа", 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 39 (141) "Жезказганский вестник" газеттерінде жарияланған);
3. Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 13/136 "Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4393 тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 27 қазандағы № 42 (8055) "Сарыарқа", 2017 жылғы 27 қазандағы № 42 (197) "Жезказганский вестник" газеттерінде жарияланған);
4. Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 тамыздағы сессиясының № 26/239 "Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 тіркелген, 2018 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 38 (8101) "Сарыарқа", 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 37 (243) "Жезказганский вестник" газеттерінде жарияланған);
5. Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 39/345 "Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 1 (8165) "Сарыарқа", 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 49 (305) "Жезказганский вестник" газеттерінде жарияланған).