Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 тамыздағы сессиясының № 26/239 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қыркүйекте № 4947 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2./18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 19.02.2021 № 2./18 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3636 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 5 ақпандағы "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 19 ақпандағы № 8 (7968) "Сарыарқа" газетінде және 2016 жылғы 19 ақпандағы № 8 (110) "Жезказганский вестник" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың 6 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл;

      2) 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні;

      3) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларды еске алу күні;

      4) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні;

      6) 1 қазан – Қарттар күні;

      7) Мүгедектер күні (қазан айының екінші жексенбісі);".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Копбаев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады