Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 39/345 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 желтоқсанда № 5579 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2./18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 19.02.2021 № 2./18 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3636 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 5 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 19 ақпандағы № 8 (7968) "Сарыарқа" газетінде және 2016 жылғы 19 ақпандағы № 8 (110) "Жезказганский вестник" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталынсын.

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың 6 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл;

      2) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      3) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      4) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларды еске алу күні;

      5) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 6 шілде – Астана күні;

      8) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;

      9) 1 қазан – Қарттар күні;

      10) Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күні (қазан айының екінші жексенбісі);

      11) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні;".

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың 8 тармағы мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "10) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр-Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға;

      "11) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар аналарға;

      "12) Жезқазған қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар көп балалы аз қамтылған отбасыларға.".

      келесі мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Жезқазған қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар көп балалы аз қамтылған отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек "Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын тізім бойынша көрсетіледі.".

      келесі мазмұндағы 14-2 тармақпен толықтырылсын:

      "14-2. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір уақытта бірнеше негізде әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғаларға көмектің бір түрі көрсетіледі.".

      15-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталынсын;

      17 тармақ алынып тасталынсын;

      27 тармақ алынып тасталынсын;

      28 тармақ алынып тасталынсын;

      29 тармақ алынып тасталынсын;

      30 тармақ алынып тасталынсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Сурнин
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады