"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2019 жылғы 11 қарашадағы № 46/01 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5527 тіркелген);
2) 2019 жылғы 28 қарашадағы № 49/04 "Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5547 тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | А. Халтонов |