Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 49/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 5547 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 52/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 01.10.2021 № 52/01 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К.К. Тлеубергеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Аймаков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "___" ______
№ ___ қаулысымен
бекітілген

Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау қағидалары

      1. Осы Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:

      1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;

      2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

      3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

      4) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау;

      5) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

      3. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі құрылымдық бірлігі топ болып табылады. Топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидаты бойынша жасақталады.

      Мектепке дейінгі ұйымдар топтарының толымдылығы "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15893 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілердің ұйымда болу уақыты бойынша бөлінеді және мынадай тәртіппен қызмет етеді:

      1) толық күн болу;

      2) жарты күн болу;

      3) тәулік бойы болу.

      5. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидалар мен мектепке дейінгі ұйымдар жарғысын және Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

      6. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше мемлекет қаржыландыратын тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру жөніндегі қызметтер көлемін, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауды қамтамасыз етеді.

      7. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10981 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Балаларды тұрақты немесе уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі.

      Елді мекеннің ішінде бір мектепке дейінгі ұйымнан басқасына орын алмастыру жас топтары, оқыту тілі сәйкес келген жағдайда, ата-аналардың және мектепке дейінгі ұйым басшыларының келісімімен тұрақты орындарға жүзеге асырылады.

      8. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);

      2) ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;

      5) баланың денсаулығы туралы анықтама;

      6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).

      9. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін мынадай кезеңдер бойынша ұйымдастырады:

      1) 1 қыркүйек пен 30 мамыр аралығында – оқу жылы ("Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі;

      2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;

      3) мектеп жасына жеткен балаларды мектепке дейінгі ұйымнан босату жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;

      4) балаларды бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

      Мектепалды даярлық сыныптарындағы оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйек пен келесі жылғы 25 мамыр аралығында жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.

      10. Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың орны мынадай:

      1) бала ауырып, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда);

      2) баланың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне еңбек демалысы берілген (жазбаша өтінішті ұсынған кезде) жағдайларда сақталады.

      11. Басшы баланы мектепке дейінгі ұйымдардан мынадай:

      1) мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған;

      2) бала бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей келмеген;

      3) дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде баланың келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығарады.

      12. Мектепке дейінгі ұйым басшысы баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде ата-анасын немесе заңды өкілдерін жарғымен, қабылдау тәртібі мен білім беру процесін және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін құжаттармен таныстырады, ата-аналармен немесе заңды өкілдермен шарт жасайды.

      13. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынас баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі.

      14. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісінің, ата-аналары мен қызметкерлерінің қарым-қатынасы білім беру процесіне қатысушылардың өзара сыйластығы және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушіге даму еркіндігін ұсынуды ескере отырып, ынтымақтастық негізде құрылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады