Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 10/01 "Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5701 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылдың 7 ақпанында, "Жаңаарқа" газетінің № 14 (9961) санында 2020 жылы 22 ақпанында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаарқа ауданының әкімі | Ю. Беккожин |