"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 және 50-баптарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 396 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6641 болып тіркелген).
2. "Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 27 тамыздағы № 51 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6908 болып тіркелген).
3. "Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 148 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7887 болып тіркелген).