Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 01.11.2021 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10030 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 911 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4973 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 19 мамырда және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 мамырда жарияланған);
2) "Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 430 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5470 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 23 сәуірде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 маусымда жарияланған).
3. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Ысқақов |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "27" тамыздағы № 51 қаулысымен бекітілген |
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексіне және "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10030 нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.
2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ, құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.
2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары Қағидалардың 1қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үйлер;
2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үйлер.
7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзелуі және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:
халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2 пайызы;
халқының саны 300 мыңнан бастап – 500 мыңға дейін адам болатын қалаларда 1 пайызы;
халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5 пайызы қамти отырып таңдалады (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).
8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспорттарын жасайды.
9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.
15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) Қағидалардың 5қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.
16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күнінен кейінгі келесі күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын есептеу Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 1-қосымша |
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын |
4. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер |
6. | Емханалар | 1 келіп кету |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын |
11. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын |
13. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 |
15. | Машиналардан сату | Сауданың орны 1 м2 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 |
17. | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 |
18. | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 |
19. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 |
20. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 |
21. | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 |
22. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 |
23. | Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, автожанармай құю станциясы, гараждар | 1 машина-орын |
24. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы |
25. | Гараж кооперативтері | 1 гаражға |
26. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны |
27. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 |
28. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 |
29. | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны |
30. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 |
31. | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы |
32. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 – шаршы метр
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 2-қосымша |
1-Нысан
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Қала, аудан орталығы, елді мекен___________________________________
1. Мекенжайы ___________________________________________________
2. Қабаттылығы __________________________________________________
3. Үйдің нөмірі __________________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ____________________________
5. Жайлылық деңгейі:
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ____________________________
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ___________________
в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ________
г) қоқыс құбырының болуы ________________________________________
д) аула аумағының алаңы, шаршы метр _______________________________
оның ішінде
жасыл екпелері бар _______________________________________________
жабыны қатты ___________________________________________________
оның ішінде жаяусоқпақтар _______________________________________
6. Контейнерлердің типтері, олардың саны және сыйымдылығы__________
7. Қоқысты шығару кезеңділігі _____________________________________
8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ________________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
2-Нысан
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Қала, аудан орталығы, елді мекен ______________________________
1. Объектінің атауы __________________________________________
2. Мекенжайы ______________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ______________________________________
4. Орын саны (қызметкерлер және тағы басқа) ___________________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті:
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) ____________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) _____________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам ___________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, шаршы метр ________________________
Оның ішінде:
сауда алаңы ________________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң _________________________________
8. Аула аумағының алаңы, шаршы метр _________________________
Оның ішінде:
жасыл екпелері бар__________________________________________
жабыны қатты ______________________________________________
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы ______
10. Қалдықтарды шығару мерзімділігі __________________________
11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Бастапқы жазба бланкісі
_________________
(күні)
_______________________________________________ объектісі бойынша
(атауы, мекенжайы)
Контей -нердің реттік саны № | Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, h, м | Контейнер түбінің алаңы, S, м2 | Контей- нердегі қалдық- тардың көлемі, h*S, м3 | Қалдықтар тиелген контейнердің (қоқыс тасығыштың) массасы mз, кг | Бос контей -нердің (қоқыс тасығыштың) массасы mп, кг | Контей- нердегі қалдық -тардың массасы, mз - mп |
1 | ||||||
2 | ||||||
... | ||||||
Тәулік ішіндегі жиыны | Vтәу | Mтәу |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
h – биіктік
S – көлем
м – метр
кг – килограмм
м2 – шаршы метр
м3 – текше метр
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
20__ жылғы " ___" ______ бастап "___" ____________ дейін
Жайлылық типі _________________________________________
Аптаның күндері | Объектінің атауы | Объектінің қызмет түрі | Есептік бірліктің саны | Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы | Орташа тығыздығы, кг/ м3 | Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде) | ||||
жалпы | 1 есептік бірлікке | |||||||||
кг | м3 | кг | м3 | кг | м3 | |||||
Дүйсенбі | ||||||||||
Сейсенбі | ||||||||||
Сәрсенбі | ||||||||||
Бейсенбі | ||||||||||
Жұма | ||||||||||
Сенбі | ||||||||||
Жексенбі | ||||||||||
Барлығы | ||||||||||
Тәулігіне орташа |
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
кг – килограмм
м3 – текше метр
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Жайлылық типі _________________________________________________
Объект | Ай | Өлшенетін бірліктің саны | Қалдықтардың жиналуы | Біртекті емес коэффициент | Бөлек жинау, кг | |||||||
жалпы | өлшенетін 1 бірлікке | жалпы | өлшенетін 1 бірлікке | |||||||||
м3 | кг | м3 | кг | м3 | кг | м3 | кг | м3 | кг | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Барлығы
Тәулігіне орташа
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
кг – килограмм
м3 – текше метр
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 6-қосымша |
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау
(Vконт., М3):
V конт=h*S
мұндағы h - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;
S - контейнер түбінің алаңы, м2;
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:
Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3….
мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mконт =m3- mп
мұндағы mз - қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;
mп - қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mтәу = mконт1+mконт2+mконт3…
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.
Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста - желтоқсан/қаңтар; көктемде - сәуір/мамыр; жазда - маусым/шілде; күзде - қыркүйек/қазан.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7
мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтм, м3):
Vтм = Vмаус / (n × a)
массасы бойынша (mтм, кг):
mтм = mмаус / (n × a)
мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;
a - есептік бірліктің саны;
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтом, м3):
Vтом= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n
массасы бойынша (mтом, кг):
mтом= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n
мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" - қыста - "қ", тиісінше көктемде - "к", жазда - "ж", күзде "кү" - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n - қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vж, м3)
Vж = Vтож х nк
массасы бойынша (mж, кг):
mж = mтож х nк
мұндағы nк - жылдағы күннің саны.
2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
qор =m/V,
мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Kбе = Vом/Vж
массасы бойынша:
Kбе = mом/mж
3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Kмбе = Vmaxтәу./Vом
мұндағы Vmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3.
массасы бойынша:
kсн = mmaxтәу./mом
мұндағы mmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.
3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі.
Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс.
Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
кг – килограмм
м2 – шаршы метр
м3 – текше метр