"Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27 және 50-баптарына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сайлау учаскелерiн құру туралы" Қызылорда қаласы әкiмiнiң 2020 жылғы 5 наурыздағы № 886 шешімінің (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7270 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде 2020 жылғы 7 наурызда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
қала әкімінің міндетін атқарушы | Б. Нуридинов |