Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің 30.12.2022 № 2-ш шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына сәйкес, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10983 болып тіркелген) және Арал аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2021 жылғы 23 маусымдағы № 1/3-4/1422 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қызылорда облысының Арал ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Арал ауданы әкімінің орынбасары Е.Ж. Әбішев тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | С. Сермагамбетов |