Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 5-ш шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 шілдеде № 23464 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 2-ш шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің 30.12.2022 № 2-ш шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына сәйкес, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10983 болып тіркелген) және Арал аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2021 жылғы 23 маусымдағы № 1/3-4/1422 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қызылорда облысының Арал ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Арал ауданы әкімінің орынбасары Е.Ж. Әбішев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі С. Сермагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады