Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округі әкімінің 15.11.2021 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 96 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Сырдария ауданы, Ақжарма ауылдық округі Абай учаскесіндегі "Қуандық" шаруа қожалығының ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжарма ауылдық округінің әкімі | Е. Ешмұратов |