Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналарды күші жойылды деп танылсын:
1) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 3 мамырдағы № 399 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6786 болып тіркелген);
2) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 185 "2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8130 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік етуші Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының әкімі | Н. Макулбеков |