"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің және шешімінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | М. Аманиязова |
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2021 жылғы 28 мамырдағы | |
№ 3/49 шешіміне | |
қосымша |
Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің және шешімінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/352 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2660 болып тіркелген).
2. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/353 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2661 болып тіркелген).
3. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/159 шешіміне қосымшаның 1 және 2 тармақтары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3438 болып тіркелген).
4. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/352 "Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/332 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3926 болып тіркелген).
5. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/353 "Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/371 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4008 болып тіркелген).