Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.05.2021 № 3/49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 "Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10131 болып тіркелген), сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 10-11-205 ақпараттық хатының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/353 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2661 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Маңғыстау" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау қағидаларында:
10 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Ветеринариялық және бірегей есепке алу эпизоотиялық жағдайды, нысандардың ветеринариялық – санитариялық ахуалын бағалау, мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау мен қадағалаудың және ветеринариялық қағидаларды сақталуын, сондай-ақ жүргізілген диагностикалық, эпизоотияға қарсы, емдік, ветеринариялық – санитариялық және жою іс-шараларының көлемін және тиімділігін анықтау үшін жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалар олар белгіленген пунктке келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ветеринария саласында қызмет атқаратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық бақылау және қадағалау органдарды жаңадан алынып жатқан (алынған) жануарды (жануарларды), оны (оларды) өткізу туралы хабарлайды.";
21 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар ("Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі) жүзеге асырады.".
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Әбдірахман |
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |