Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/352 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде № 2660 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 3/49 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.05.2021 № 3/49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлiп отырған Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Облыстық маслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/195 "Жаңаөзен қаласы, Рахат кенті мен Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2345 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) күші жойылсын.

      3. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Дербісов

Облыстық


мәслихат хатшысы

Б. Жүсіпов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы

      және ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      А.Ж. Тұрақов

      27 ақпан 2015 жыл.

      "Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

      Жаңаөзен қаласының Ішкі істер басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      А.А. Досжанов

      27 ақпан 2015 жыл.

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық

      бақылау және қадағалау

      комитетінің Жаңаөзен қалалық

      аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.А. Нұржауов

      27 ақпан 2015 жыл.

      Ескерту. Келісу парағына өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 22/352 шешімімен бекітілген

Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасақталған.

      2. Қағида Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін реттейді.

      3. Осы Қағида да пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      2) қараусыз жануарлар – меншік иесі бар және оның иелігінен уақытша босап кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ иесі меншік құқығынан бас тартқан жануарлар.

2. Иттер мен мысықтарды тіркеуге алудың тәртібі

      4. Иттер үш айлығынан бастап, мысықтар екі айлығынан бастап "Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – қалалық ветеринария бөлімі) тіркелуге жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Тіркеу барысында иттер мен мысықтардың иесі осы Қағида талаптарымен таныстырылады. Жануарлар иелерінің танысқандығы туралы жазба Тіркеу кітабына қол қоюмен куәландырылады.

      6. Тіркеуден өткен иттер мен мысықтарға жануарлар иелерінің есебінен белгіленген үлгідегі ветеринариялық паспорт беріледі.

      7. Ит пен мысықты тіркеуден өткізу және қайта тіркеу кезінде иелері келесідей мәліметтерді ұсынады:

      иесінің жеке басын куәландыратын құжаты;

      мекен-жайы, байланыс телефоны;

      ит немесе мысықтың туылған күні, түрі, түсі, жынысы, лақап аты, ерекше белгілері немесе жануардың сипаты.

      8. Иттер және мысықтар сатылған, жоғалған, өлген, басқа тұлғаға берiлген жағдайларда жануарлардың иесi оларды есептен шығару немесе қайта тiркеу үшiн екi апталық мерзiмде қалалық ветеринария бөліміне хабарлауы қажет. Иттер мен мысықтардың иелерi мекен-жайын өзгерткен жағдайда жануарлар 15 жұмыс күн iшiнде тiркелуге жатады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Иттер мен мысықтарды асырау тәртібі

      9. Иттердің түрлеріне қарамастан үш айлық жасынан бастап, құтырмаға және эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша лептоспирозға, микроспорияға, обаларға қарсы егілуге, сонымен қатар гельминттерге тексерілуге немесе профилактикалық дегельминтизациялауға жатады.

      10. Мысықтар екі айлық жасынан бастап адамдар мен жануарлар үшін жалпылама бірдей жұқпалы ауруларға, эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша микроспорияға қарсы егілуге, гельминттерге тексерілуге жатады.

      11. Егер иттер мен мысықтардың иесі заңды тұлға болса, онда оларға иттер мен мысықтарды асырауға жауапты адам тағайындалады.

      12. Иттер мен мысықтардың иесі дер кезінде, осы Қағидамен белгіленген мерзімдерде, міндетті ветеринариялық шараларды өткізеді, жануарлардың карантиндік режимін сақтайды, жұқпалы ауруларды жою бойынша шараларды өткізеді.

      13. Иттер мен мысықтарды асырау санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда жүргізіледі:

      бір ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда;

      бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі тұрған аумағында (пәтердегі барлық тұрғындардың жазбаша келісімімен);

      кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, көп пәтерлі үйлерде, бақ шаруашылықтарында, азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінде, демалыс орындарында байлаулы күйінде немесе торда, қоршаған ортаға қауіп келтірмейтін және тыныштық сақтайтындай жағдайда болады.

      14. Көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде бір отбасында ірі және орта тұқымды екіден көп емес үлкен иттер және алты айлық жасқа дейінгі төлдерді, үш мысық асырау ұсынылады.

      15. Иттер мен мысықтарды (көзі әлсіз көретін адамдарды алып жүретін иттерден басқа) көпшілік пайдаланатын орындарда (ас әзірлейтін бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, шатырларда, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы жайларда) және үй алдындағы аумақта (жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде асырауға жол берілмейді.

      16. Қонақ үйлерде қонақ үй әкімшілігінің рұқсатымен, жануарда ветеринариялық құжаты болған және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтаған жағдайда иелерінің итімен немесе мысығымен бірге орналасуына жол беріледі.

      17. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорындағы үйлерде, ғимараттарда, және оларға тиесілі аумақтарда осы аумақтың иесінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімімен асырауға болады. Иттер жануардың қашып кетуінен, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуылдауынан, жүргіншілерді мазалауынан сақтайтын қоршалған аумақта асыралуы тиіс. Осы аумақта иттің бар екендігі жөнінде кіреберісте 20х30 сантиметрден кем емес көлемде, иттің бейнесі бейнеленген "Ит күзетеді!", "Охраняется собакой!" ескерту болуы тиіс.

      18. Жеке тұрғын үй қорындағы үйлерде, егер гигиеналық-санитарлық және зоогигиеналық нормаларға сәйкес жануарларды асырау шарты сақталса үштен көп иттерді асырауға жол беріледі.

      19. Рұқсат етілмейді:

      1. тіркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтар асырауға;

      2) балалардың аула алаңдарында, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында және қоғамдық шаралар өткізілетін жерлерде иттер мен мысықтарды серуендетуге;

      3) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырсыз серуендетуге;

      4) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттер мен мысықтарды серуендетуге;

      5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, бұрқақ және бұлақ көздерінде иттер мен мысықтарды шомылдыруға.

4. Ит пен мысықты сату, сатып алу, сондай-ақ тасымалдау

      20. Ит пен мысықты белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ ветеринарлық анықтамасы мен құжаттарынсыз сатуға жол берілмейді.

      21. Сонымен бірге ит пен мысықты сату тек ит пен мысықтың жасы 2,5-3 айға толғанда уақытынан, тиісті ветеринариялық құжаттамасы болған кезде жол беріледі. Егер, ит пен мысық 2,5-3 айға толмаған кезде сатылса ветеринариялық паспорты болмаса, сатып алушыға күшіктің және мысықтың денсаулығының жағдайы жөнінде анықтама ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен беріледі.

      22. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ит пен мысықты жануарлар қоғамы (клубтар), питомниктер арқылы, зоодүкендерде және мамандандырылған базарларда сатуға және сатып алуға болады.

      23. Жаңаөзен қаласының және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағына шет мемлекеттерден немесе қаладан және ауылдардан тыс жерлерден ит пен мысықты алып келу және алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

      24. Жаңаөзен қаласынан және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарынан тыс жерге ит пен мысықты тасымалдау (орын ауыстыруы) және алып келу ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен берілетін арнайы үлгідегі ветеринариялық паспорты болған жағдайда рұқсат беріледі.

      25. Ит пен мысықты Жаңаөзен қаласынан тысқары жаққа әуе, теміржол, сонымен қатар автомобиль көліктерімен тасымалдау осы көліктердің түрлерінде ит пен мысықты тасымалдау Қағидалары негізінде жүзеге асады.

5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      26. Қоғамдық орындарда жетектеуші тұлғасыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз деп саналады және аулау мен жоюға жатады.

      27. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері байлаулы күйінде қалдырғандардан басқа иттер қараусыз болып саналады және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және өлген жануарларды жинау жөніндегі арнайы қызметтермен аулануға жатады.

      28. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған Жаңаөзен қалалық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жаңаөзен қалалық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүзеге асырады.

      29. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, осы жұмыстар жүргізілетін аумақта тұрып жатқан тұрғындардың құқықтары мен мүдделерін және тыныштығын сақтай отырып жүргізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмысқа наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғалар тартылады.

6. Қағиданың сақталуын бақылау

      30. Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар ("Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі) жүзеге асырады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 30.05.2019 № 27/332 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7. Қорытынды ережелер

      31. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады