Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 928 және Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 тамыздағы № 22/209 "Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан шартты атауы "Фонтан" аталатын аумақты "Мемлекеттік рәсімдер алаңы" деп атау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-1-113 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің кіріспесінде "Нұр Отан" партиясы" сөз тіркесі "Nur Otan" партиясы" сөз тіркесіне ауыстырылсын.
2. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы бірлескен қаулы мен шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | Н. Қилыбай |
Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы | С. Закенов |