Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан шартты атауы "Фонтан" аталатын аумақты "Мемлекеттік рәсімдер алаңы" деп атау туралы

Жаңартылған

Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 тамыздағы № 22/209 шешімі мен Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 928 қаулысы. Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 тамызда № 11-1-113 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.03.2017 № 7/85 шешімі мен Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 16.03.2017 529 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "Nur Otan" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан шартты атауы "Фонтан" аталатын аумақты "Мемлекеттік рәсімдер алаңы" деп атау туралы ұсынысын қарап және Ақтау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.03.2017 № 7/85 шешімі мен Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 16.03.2017 529 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 09.12.2021 № 9/71 шешімі және Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 10.12.2021 02-02/2214 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ақтау қаласының 12 шағын ауданындағы шартты атауы "Фонтан" аталатын аумақ "Мемлекеттік рәсімдер алаңы" деп аталсын.

      2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж.Доспаев
      Қала әкімі С. Бекбергенов
      Қалалық маслихат хатшысы Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады