Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 928 және Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 тамыздағы № 22/209 "Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан шартты атауы "Фонтан" аталатын аумақты "Мемлекеттік рәсімдер алаңы" деп атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау калалық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 9/71 шешімі және Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 02-02/2214 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 желтоқсанда № 26215 болып тіркелді

      Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 928 және Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 тамыздағы № 22/209 "Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орналасқан шартты атауы "Фонтан" аталатын аумақты "Мемлекеттік рәсімдер алаңы" деп атау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-1-113 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің кіріспесінде "Нұр Отан" партиясы" сөз тіркесі "Nur Otan" партиясы" сөз тіркесіне ауыстырылсын.

      2. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы бірлескен қаулы мен шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай
      Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы С. Закенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады