Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б.Абилов |
қаулысына қосымша |
Бейнеу ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Бейнеу ауданы әкімдігінің "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 20 қарашадағы № 297 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4047 болып тіркелген).
2. Бейнеу ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 20 қарашадағы № 298 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4048 болып тіркелген).
3. Бейнеу ауданы әкімдігінің "Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 297 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4296 болып тіркелген).
4. Бейнеу ауданы әкімдігінің "Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 298 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 266 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4295 болып тіркелген).