Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 297 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 4296 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 19.07.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 05-10-507 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 297 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4047 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.";

      3 тармақ мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ. Назарханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ. Назарханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Абилов

  Бейнеу ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 22 қыркүйегі
  № 265 қаулысына қосымша
  Бейнеу ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 20 қарашадағы
  № 297 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Жұмыс берушінің атауы

Ұйымдар дағы жұмыскер лердің тізімдік саны

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары

Ата – анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары

Квота (%)

Саны (адам)

Квота (%)

Саны (адам)

Квота (%)

Саны (адам)

1

2

3

4

5

6

1

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша)

835

1

8

1

8

-

-

2

Бейнеу ауданының әкімдігінің "Акиматсервис" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

86

1

1

1

1

-

-

3

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Абай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

246

-

-

-

-

1

2

4

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

266

-

-

-

-

1

2

5

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бейнеу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

219

-

-

-

-

1

2

6

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Манашы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

232

-

-

-

-

1

2

7

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Боранқұл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

163

-

-

-

-

1

1

8

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Ақжігіт орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

84

-

-

-

-

1

1

Барлығы:



9


9


10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады