Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 19.07.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 05-10-508 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 298 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4048 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.";
3 тармақ мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"3. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ. Назарханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ. Назарханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б. Абилов |
Бейнеу ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 22 қыркүйегі | |
№ 266 қаулысына қосымша | |
Бейнеу ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 20 қарашадағы | |
№ 298 қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№ | Жұмыс берушінің атауы | Ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны | Жұмыс орындарының квотасы (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) | 835 | 4 | 33 |
2 | Бейнеу ауданының әкімдігінің "Акиматсервис" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 86 | 2 | 1 |
3 | "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Абай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 246 | 3 | 7 |
4 | "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 266 | 4 | 10 |
5 | "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бейнеу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 219 | 3 | 6 |
6 | "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Манашы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 232 | 3 | 7 |
7 | "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Боранқұл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 163 | 3 | 5 |
8 | "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Ақжігіт орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 84 | 2 | 2 |
Барлығы | 71 |