"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 138 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7350 болып тіркелген);
2) "Мәслихаттың 2017 жылғы 24 қарашадағы № 138 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 24 қазандағы № 316 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8719 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |