Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 108 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 18.11.2021 № 303/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84/3 қаулысымен бекітілген |
2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 18.11.2021 № 303/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||
1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 65 208 | 652 080 |
2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 22 783 | 341 745 | |
3 | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 26 | 2 600 |
4 | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 1 950 | 292 500 |
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||||
5 | Отандық | сатып алынған бас | 150 000 | 1 904 | 285 600 |
6 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 225 000 | 1 136 | 255 600 | |
7 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 300 000 | 186 | 55 800 | |
8 | Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу | 150 000 | 2 565 | 384 750 | |
9 | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тірідей салмағы, килограмм | 200 | 874 870 | 174 974 |
Барлық сомасы | 2 445 649 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | |||||
10 | Қос жынысты | 5 000 | 5 279 | 26 395 | |
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||||
11 | Отандық | сатып алынған бас | 200 000 | 60 | 12 000 |
12 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 400 000 | 1 598 | 639 200 | |
Сүт өндіру құнын арзандату: | |||||
13 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 | 43 579 332 | 1 961 069,94 |
14 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 30 | 4 015 332 | 120 459,96 | |
15 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 20 | 3 492 692 | 69 853,84 | |
16 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 18 004 000 | 360 080 | |
17 | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау | ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 5 000 | 600 | 3 000 |
Барлық сомасы | 3 192 058,74 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
Құс етін өндіру құнын арзандату | |||||
18 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 2 800 000 | 140 000 |
19 | Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату | 200 | 500 000 | 100 000 | |
Барлық сомасы | 240 000 | ||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
20 | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 396 900 | 23 814 |
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату: | |||||
21 | 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 1,2 | 84 000 000 | 100 800 |
22 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 1,1 | 60 000 000 | 66 000 | |
Барлық сомасы | 190 614 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||
23 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 4 000 | 5 409 | 21 636 |
24 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 20 000 | 50 000 | |
25 | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 15 000 | 1 651 | 24 765 |
Барлық сомасы | 96 401 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
26 | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 11 | 1 100 |
Барлық сомасы | 1 100 | ||||
Шошқа шаруашылығы | |||||
27 | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылыстыру маусымы | 40 000 | 1 162 | 46 480 |
Барлық сомасы | 46 480 | ||||
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: | |||||
28 | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/маусым | 5 000 | 1 500 | 7 500 |
Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату: | |||||
29 | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы | бас | 60 000 | 16 667 | 1 000 020 |
30 | Ірі қара малдың аналық басы | 10 000 | 47 000 | 470 000 | |
31 | Ұсақ малдың аналық басы | 3 000 | 10 000 | 30 000 | |
32 | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 19 621 | 1 177,26 |
Барлық сомасы | 1 508 697,26 | ||||
Барлығы | 7 721 000 |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚШ – Америка Құрама Штаттары.
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84/3 қаулысына 2-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері
Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы әкімдігінің 18.11.2021 № 303/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату: | |||
1 | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы | бас | 60 000 |
2 | Ірі қара малдың аналық басы | 10 000 | |
3 | Ұсақ малдың аналық басы | 3 000 |
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84/3 қаулысына 3-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
Ескерту. Қаулы 3-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы әкімдігінің 18.11.2021 № 303/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ |
Субсидиялау | Өлшемшарттар | САЖ-да субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі | Өтінімді беру мерзімі |
1. | Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату: | Өтінімді берген сәтте аналық мал басының САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелуі және деректердің сәйкестігі | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл |
Ағымдағы жылғы |
1.1 | Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы | Өтінімді берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 600 бастан кем емес болуы | ||
1.2 | Ірі қара малдың аналық басы |
1) өтінімді берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 1 бастан 200 басқа (қоса алғанда) дейін болуы; | ||
1.3 | Ұсақ малдың аналық басы |
1) өтінімді берген сәтте меншікті қойдың аналық басының (12 айдан асқан) 1 бастан 2 000 басқа (қоса алғанда) дейін болуы; |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;
САЖ – субсидиялаудың ақпараттық жүйесі;
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры.