2021 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 7231 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 108 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 18.11.2021 № 303/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84/3 қаулысымен
бекітілген

2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 18.11.2021 № 303/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Субсидиялау бағытының атауы

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы


Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

65 208

652 080

2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

15 000

22 783

341 745

3

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

100 000

26

2 600

4

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып алынған бас

150 000

1 950

292 500


Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

5

Отандық

сатып алынған бас

150 000

1 904

285 600

6

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

225 000

1 136

255 600

7

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

300 000

186

55 800

8

Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу

150 000

2 565

384 750

9

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

тірідей салмағы, килограмм

200

874 870

174 974


Барлық сомасы




2 445 649

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы


Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу:

10

Қос жынысты


5 000

5 279

26 395


Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

11

Отандық

сатып алынған бас

200 000

60

12 000

12

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

400 000

1 598

639 200


Сүт өндіру құнын арзандату:

13

Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

45

43 579 332

1 961 069,94

14

Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

30

4 015 332

120 459,96

15

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

20

3 492 692

69 853,84

16

Ауыл шаруашылығы кооперативі

20

18 004 000

360 080

17

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау

ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас

5 000

600

3 000


Барлық сомасы




3 192 058,74

Етті құс шаруашылығы


Құс етін өндіру құнын арзандату

18

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

50

2 800 000

140 000

19

Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату

200

500 000

100 000


Барлық сомасы




240 000

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

20

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

60

396 900

23 814


Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату:

21

100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

1,2

84 000 000

100 800

22

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

1,1

60 000 000

66 000


Барлық сомасы




190 614

Қой шаруашылығы


Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

23

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

4 000

5 409

21 636

24

Қойлардың тауарлық аналық басы

2 500

20 000

50 000

25

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

15 000

1 651

24 765


Барлық сомасы




96 401

Жылқы шаруашылығы

26

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

100 000

11

1 100


Барлық сомасы




1 100

Шошқа шаруашылығы

27

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас/шағылыстыру маусымы

40 000

1 162

46 480


Барлық сомасы




46 480

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

28

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы/маусым

5 000

1 500

7 500


Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:

29

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы

бас

60 000

16 667

1 000 020

30

Ірі қара малдың аналық басы

10 000

47 000

470 000

31

Ұсақ малдың аналық басы

3 000

10 000

30 000

32

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

19 621

1 177,26


Барлық сомасы




1 508 697,26


Барлығы




7 721 000

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚШ – Америка Құрама Штаттары.


  Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84/3 қаулысына
2-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері

      Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы әкімдігінің 18.11.2021 № 303/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері, теңге


Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:

1

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы

бас

60 000

2

Ірі қара малдың аналық басы

10 000

3

Ұсақ малдың аналық басы

3 000


  Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84/3 қаулысына
3-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

      Ескерту. Қаулы 3-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы әкімдігінің 18.11.2021 № 303/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Субсидиялау
бағыты

Өлшемшарттар

САЖ-да субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі

Өтінімді беру мерзімі

1.

Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:

Өтінімді берген сәтте аналық мал басының САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелуі және деректердің сәйкестігі

САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл

Ағымдағы жылғы
1 қарашадан
20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

1.1

Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы

Өтінімді берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 600 бастан кем емес болуы

1.2

Ірі қара малдың аналық басы

1) өтінімді берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 1 бастан 200 басқа (қоса алғанда) дейін болуы;
2) жайылымның болуы

1.3

Ұсақ малдың аналық басы

1) өтінімді берген сәтте меншікті қойдың аналық басының (12 айдан асқан) 1 бастан 2 000 басқа (қоса алғанда) дейін болуы;
2) жайылымның болуы

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;

      САЖ – субсидиялаудың ақпараттық жүйесі;

      САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады