Павлодар облысында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 23/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 7261 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жана редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 189/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысында жануарларды асырау қағидалары бекітілсін.

      2. Павлодар облысы мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы "Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидаларын бекіту туралы" № 56/6 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5237 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, "Регион.kz" газетінде жарияланған).

      3. Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 06 желтоқсандағы "Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 17 тамыздағы (VI сайланған VI сессиясы) "Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидаларын бекіту туралы" № 56/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 72/9 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5316 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарда "Регион.kz" газетінде жарияланған).

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттын аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы К. Абишев
      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

  Павлодар облыстық
мәслихатының
2021 жылғы 22 сәуірдегі
№ 23/3 шешімімен
бекітілген

Павлодар облысында жануарларды асырау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар облысында жануарларды асырау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Павлодар облысында жануарларды асырау тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;

      2) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;

      3) жабайы жануарлар – жабайы табиғат табиғи мекендеу ортасы болып табылатын, оның ішінде еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар;

      4) жануарлар – омыртқалы жануарлар;

      5) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;

      6) жануарлардың аса қауіпті аурулары - уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;

      7) қараусыз қалған жануарлар – ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар;

      8) үй жануарлары (компаньон жануарлар) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 189/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2 тарау. Жануарларды асырау тәртібі

      3. Жануарларды асырау, өсіру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын бекіту туралы" № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15772 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 3-қосымша жана редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 189/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Жануарларды қолданыстағы зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормаларға сәйкес және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, тұрғын ғимараттардан, мектептерден, медициналық және мектепке дейінгі мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бақтарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану мекемелерінен, сауда және азық-түлік өнеркәсібі мекемелерінен, демалу орындарынан, балаларды сауықтыру ұйымдары мен шипажайлардан, жасанды су айдындарынан, артезиан құдықтарынан, су көздерінен қашықта орналасқан арнайы жабдықталған ғимаратта асырайды.

      5. Елді мекеннің ауа кеңістігінен жабайы құстар ұшып өтетін мезгілде құс иелері құстарын жұқпалы ауруларды таратушы болуы мүмкін ұшып өтетін жабайы құстармен қатынасты болдырмайтын жабық орындарда асырау керек.

      6. Жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, су бұрқақтарда, су қоймаларында және су бөгеттерінде суаруға жол берілмейді.

      Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртiбiмен жол берiледi.

      Ескерту. 6-қосымша жана редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 189/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Жануарларды асырау қызметі процесінде пайда болатын жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" № 16-07/307 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) сәйкес жойылуға жатады.

      8. Адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген жануарлар қараусыз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады.

      Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 8-қосымша жана редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 189/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Жануарларға қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" № 16-02/701 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 болып тіркелген).

      10. Жануарларды асыраудың міндетті шарты болып аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау, паразитарлық ауруларға қарсы өңдеу, тұрғылықты мекен-жайға қарасты ветеринариялық емханаларда диагностикалық зерттеуден өткізу болып табылады.

      11. Жануарлар иелері, жануарлар науқастанған немесе ауруға күдікті туындаған барлық жағдайда ветеринарлық мекемеге хабарласып, тексеру нәтижелері бойынша маманның нұсқауын мүлтіксіз сақтауы қажет.

      12. Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай, жануарларды өткiзу үшiн союға жол берілмейді.

      13. Диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) сәйкес карантиндеу жүргізіледі.

      14. Жануарларды сату, әкелу және әкету ветеринариялық паспорт негізінде ветеринариялық құжатты рәсімдеген жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      15. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінен тыс жерге орнын ауыстыру (тасымалдау) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 "Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11845 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11898 болып тіркелген), бұйрығына сәйкес ветеринариялық құжаттар арқылы сүйемелденеді.

      16. Осы Қағидаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.

Об утверждении Правил содержания животных в Павлодарской области

Решение Павлодарского областного маслихата от 22 апреля 2021 года № 23/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 23 апреля 2021 года № 7261.

      В соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Законом Республики Казахстан "Об ответственном обращении с животными" Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Павлодарского областного маслихата от 07.09.2022 № 189/15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания животных в Павлодарской области.

      2. Признать утратившим силу решение маслихата Павлодарской области от 17 августа 2016 года № 56/6 "Об утверждении Правил содержания животных на территории населенных пунктов Павлодарской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5237, опубликовано 23 сентября 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет", в газете "Регион.kz").

      3. Признать утратившим силу решение маслихата Павлодарской области от 06 декабря 2016 № 72/9 "О внесении изменения в решение областного маслихата (VI сессии, VI созыва) от 17 августа 2016 года № 56/6 "Об утверждении Правил содержания животных на территории населенных пунктов Павлодарской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5316, опубликовано 13 января 2017 года в газете "Регион.kz").

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по аграрным вопросам.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Павлодарского
      областного маслихата К. Абишев
      Секретарь Павлодарского областного маслихата Е. Айткенов

  Утверждены
решением Павлодарского
областного маслихата от
22 апреля 2021 года
№ 23/3

Правила содержания животных в Павлодарской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания животных в Павлодарской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и определяют порядок содержания животных в Павлодарской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, выдаваемый в виде электронного документа, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст (дата рождения), индивидуальный номер животного;

      2) дезинфекция – комплекс мер по уничтожению возбудителей заразных и незаразных заболеваний;

      3) дикие животные – животные, естественной средой обитания которых является дикая природа, в том числе содержащиеся в неволе и (или) полувольных условиях;

      4) животные – позвоночные животные;

      5) карантинирование животных – обособленное содержание вновь прибывших, ввезенных, приобретенных, вывозимых, перемещаемых животных с целью проведения диагностических исследований и ветеринарных обработок;

      6) особо опасные болезни животных – болезни животных, сопровождающиеся быстрым или широким распространением, высокой заболеваемостью или летальностью животных, большим социально- экономическим ущербом, включая болезни, общие для животных и человека, определяемые уполномоченным органом;

      7) безнадзорные животные – животные, которые находятся вне места содержания и за которыми утрачен контроль со стороны владельца животного и (или) ответственного лица;

      8) домашние животные (животные-компаньоны) – животные вне зависимости от вида, которые традиционно содержатся и разводятся человеком для удовлетворения эстетических потребностей и потребностей в общении.

      Сноска. Пункт 2 - с изменением, внесенным решением Павлодарского областного маслихата от 07.09.2022 № 189/15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок содержания животных

      3. Содержание, разведение животных осуществляется в соответствии с приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 августа 2017 года № 354 "Об утверждении Правил содержания, разведения в неволе и полувольных условиях редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных и видов животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15772).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Павлодарского областного маслихата от 07.09.2022 № 189/15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Животные содержатся в специально оборудованных в соответствии с действующими зоогигиеническими и ветеринарно-санитарными нормами и с учетом экологической безопасности помещениях, вдали от жилых зданий, школ, медицинских и дошкольных учреждений, парков, зоопарков, стадионов, учреждений общественного питания, торговли и пищевой промышленности, мест отдыха, детских оздоровительных организаций и санаторий, искусственных водоемов, артезианских колодцев, источников воды.

      5. В период перелета диких птиц через воздушное пространство населенного пункта владельцам необходимо содержать птицу в закрытых помещениях, исключающих контакт с перелетными птицами, которые могут служить источником инфекционных болезней.

      6. Не допускается водопой животных в общественных местах купания, прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах.

      Использование водных объектов для водопоя скота допускается вне зоны санитарной охраны и при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов в порядке общего водопользования.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Павлодарского областного маслихата от 07.09.2022 № 189/15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Материалы, вещества, остатки животного, растительного и минерального происхождений (трупы животных, абортированные и мертворожденные плоды, ветеринарные конфискаты, кормовые отходы), образующиеся в результате гибели животных, ветеринарной практической и научной деятельности и экспериментов с живыми организмами и биологическими тканями (материалами), а также возникающие в процессе деятельности объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок подлежат уничтожению в соответствии с приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 16-07/307 "Об утверждении Правил утилизации, уничтожения биологических отходов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11003).

      8. Животные, передвигающиеся без сопровождающих лиц, считаются безнадзорными и подлежат загону в места для временного содержания до выявления владельца.

      Порядок содержания, возврата задержанных безнадзорных животных владельцам, а также ответственность владельцев определяется в соответствии со статьей 246 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции решения Павлодарского областного маслихата от 07.09.2022 № 189/15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Порядок обращения с животными определен приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 16-02/701 "Об утверждении Правил обращения с животными" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10183).

      10. Обязательным условием содержания животных является вакцинация против особо опасных болезней, обработка против паразитарных заболеваний, диагностические исследования в ветеринарных лечебницах по месту жительства.

      11. Владельцам животных во всех случаях заболевания либо при подозрении на заболевание необходимо обращаться в ветеринарные учреждения, неукоснительно соблюдать рекомендации специалиста по результатам обследования.

      12. Не допускается убой животных для реализации без предубойного ветеринарного осмотра и послеубойнного осмотра и послеубойной ветеринарно-санитарной экспертизы туш и органов.

      13. Проводить карантинирование ввозимых, приобретаемых, вывозимых, перемещаемых, прибываемых животных с целью проведения диагностических исследований и ветеринарных обработок в соответствии с приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 7-1/700 "Об утверждении Правил карантинирования животных" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10223).

      14. Продажа, ввоз и вывоз животных разрешается только при оформлении ветеринарного документа на основании ветеринарного паспорта.

      15. Транспортировка (перемещение) перемещаемых (перевозимых) животных за пределы соответствующей административной территориальной единицы осуществляется в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 мая 2015 года №7-1/496 "Об утверждении Правил осуществления транспортировки перемещаемых (перевозимых) объектов на территории Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11845), а также сопровождаются ветеринарными документами, выданными в соответствии с приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 мая 2015 года № 7-1/453 "Об утверждении Правил выдачи ветеринарных документов и требований к их бланкам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11898).

      16. Нарушение настоящих Правил влечет ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан.