Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 27.03.2024 № 133/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 10.12.2021 № 89/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
3. Павлодар қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы "Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 382/52 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6405 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы "Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы "Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 382/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 446/61 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6687 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңдылықтарды сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының сессия төрағасы | А. Дяк |
Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы | З. Мукашева |
Павлодар қалалық маслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 шешіміне 1-қосымша |
Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Ескерту. 1-қосымша тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 10.12.2021 № 89/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. Алаң, Павлодар қаласы, Конституция алаңы, 1.
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Астана көшесінен "Конституция" тынымбағы бойымен Конституция алаңы, 1 "Естай атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны объектісіне дейін.
3. Алаң, Павлодар қаласы, академик Бектұров көшесі, 139.
4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп пен Луначарский көшелерінің қиылысынан академик Бектұров көшесі, 139 бойынша "Сүт" акционерлік қоғамының объектісіне дейін.
5. Алаң, Павлодар қаласы, "Гагарин" атындағы саябақ, Ворушин көшесі.
6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Қамзин және академик Шөкин көшелерінің қиылысынан "Гагарин" атындағы саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан картинг аумағы объектісіне дейін.
7. Алаң, Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы.
8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы Қайырбаев көшесінен Луговая көшесіне дейін.
Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 шешіміне 2- қосымша |
Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Ескерту. 2-қосымша тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 10.12.2021 № 89/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4. Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) алаң, Павлодар қаласы, Конституция алаңы, 1, шекті толу нормасы 1000 адам;
2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Астана көшесінен "Конституция" тынымбағы бойымен Конституция алаңы, 1 "Естай атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны объектісіне дейін, шекті толу нормасы 1000 адам;
3) алаң, Павлодар қаласы, академик Бектұров көшесі, 139, шекті толу нормасы 300 адам;
4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп пен Луначарский көшелерінің қиылысынан академик Бектұров көшесі, 139 бойынша "Сүт" акционерлік қоғамының объектісіне дейін, шекті толу нормасы 300 адам;
5) алаң, Павлодар қаласы, "Гагарин" атындағы саябақ, Ворушин көшесі, шекті толу нормасы 300 адам;
6) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Қамзин және академик Шөкин көшелерінің қиылысынан "Гагарин" атындағы саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан картинг аумағы объектісіне дейін, шекті толу нормасы 300 адам;
7) алаң, Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы, шекті толу нормасы 1000 адам;
8) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы, Қайырбаев көшесінен Луговая көшесіне дейін, шекті толу нормасы 1000 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Павлодар қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 89/12 шешіміне 3 қосымша |
Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Павлодар қаласының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.