Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 1-13/213 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылы "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын .
2. Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 ақпандағы "Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылы "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7209 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алакөл ауылдық округінің әкімі | Т. Метлушко |