Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 03 ақпандағы "Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылы "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22856 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 1-13/213 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылы "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын .

      2. Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 ақпандағы "Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылы "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7209 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алакөл ауылдық округінің әкімі Т. Метлушко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады