Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылының "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 ақпандағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 ақпанда № 7209 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің 25.05.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1-13/433 ұсынысы негізінде, Алакөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің Алакөл ауылы "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара мал арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алакөл ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Т. Метлушко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады