Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1-13/450 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде орналасқан (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-209) Мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Күші жойылды деп танылсын: Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2 "Железин ауданы Железин ауылдық округінің "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген);
Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 6 "Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2 "Железин ауданы Железин ауылдық округінің "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7225 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин ауылдық округінің әкімі | К. Айсаков |