Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2 "Железин ауданы Железин ауылдық округінің "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 желтоқсандағы № 16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26109 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1-13/450 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде орналасқан (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-209) Мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Күші жойылды деп танылсын: Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2 "Железин ауданы Железин ауылдық округінің "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген);

      Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 6 "Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2 "Железин ауданы Железин ауылдық округінің "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7225 болып тіркелген).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауылдық округінің әкімі К. Айсаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады