Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 24.12.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы "Железин ауданы Железин ауылдық округінің "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген, 2021 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде орналасқан (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-209) Мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин ауылдық округінің әкімі | К. Айсаков |