Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1/68 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 7168 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 07.09.2021 № 5/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 29.11.2021 № 2/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 29.11.2021 № 2/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2-2. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      Ескерту. Шешім 2-2-тармақпен толықтырылды – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 29.11.2021 № 2/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының сессия төрағасы Г. Аменова
      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1/68 шешіміне
1- қосымша

Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жана редакцияда - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 29.11.2021 № 2/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Тереңкөл ауылы, Жағажай, Елгин көшесі 147.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, Панфилов көшесінің қиылысынан Елгин көшесіннің қиылысына дейін.

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы "8" қаңтардағы
№ 1/68 шешіміне
2- қосымша

Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жана редакцияда - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 29.11.2021 № 2/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Тереңкөл ауылы,Жағажай, Елгин көшесі 147, шекті толу нормасы 250 адам;

      2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, Панфилов көшесінің қиылысынан Елгин көшесіннің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 250 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Тереңкөл ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы "7" қыркүйектегі
№ 5/9 шешіміне
3- қосымша

Тереңкөл ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымша жана редакцияда - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 02.02.2024 № 1/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Тереңкөл ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық темір жол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

О некоторых вопросах проведения мирных собраний

Решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 8 января 2021 года № 1/68. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 8 января 2021 года № 7168.

      Сноска. Заголовок - в редакции решения маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 07.09.2021 № 5/9 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктами 1), 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", маслихат района Тереңкөл РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в районе Тереңкөл согласно приложению 1 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 29.11.2021 № 2/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в районе Тереңкөл согласно приложению 2 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 29.11.2021 № 2/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2-2. Определить границы прилегающих территорий, в которых не допускается проведение пикетирования в районе Тереңкөл согласно приложению 3 к настоящему решению.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 2-2 в соответствии с решением маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 29.11.2021 № 2/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по социальной сфере и законности.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата района Тереңкөл Г. Аменова
      Секретарь маслихата района Тереңкөл С. Баяндинов

  Приложение 1
к решению маслихата
района Тереңкөл
от 8 января 2021 года
№ 1/68

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в районе Тереңкөл

      Сноска. Приложение 1 - в редакции решения маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 29.11.2021 № 2/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в районе Тереңкөл:

      1. Село Теренколь, Набережная, улица Елгина,147.

      2. Маршрут следования для проведения мирных собраний: село Теренколь, улица Тәуелсіздік, от пересечения с улицей Панфилова до пересечения с улицей Елгина.

  Приложение 2
к решению маслихата
района Тереңкөл
от "8" января 2021 года
№ 1/68

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в районе Тереңкөл

      Сноска. Приложение 2 - в редакции решения маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 29.11.2021 № 2/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в районеТереңкөл разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее – Закон).

      2. Специализированные места используются с соблюдением санитарных норм и правил пожарной безопасности. Допускается проведение мирных собраний в случае отсутствия информации о проведении в специализированных местах других запланированных официальных, культурных, зрелищных культурно-массовых, физкультурно-оздоровительных, спортивных и иных мероприятий, осуществлении строительно-монтажных работ.

      3. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      4. Нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в районеТереңкөл:

      1) село Теренколь, Набережная, улица Елгина 147, норма предельной заполняемости 250 человек;

      2) маршрут следования для проведения мирных собраний: село Теренколь, улица Тәуелсіздік, от пересечения с улицей Панфилова до пересечения с улицей Елгина, норма предельной заполняемости 250 человек.

      5. Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия местного исполнительного органа.

      6. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      7. Минимальное допустимое расстояние между лицами, принимающими участие в мирном собрании, кроме пикетирования, составляет не менее двух метров, в целях сохранения социальной дистанции.

      8. Минимальное допустимое расстояние между лицами, осуществляющими пикетирование, проводимое одним участником, составляет не менее 100 метров.

      9. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени района Тереңкөл в день проведения мирных собраний.

      Приложение 3
к решению маслихата
района Тереңкөл
от "7" сентября 2021 года
№ 5/9

Границы прилегающих территорий, в которых не допускается проведение пикетирования в районе Тереңкөл

      Сноска. Приложение 3 - в редакции решения маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 02.02.2024 № 1/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      На территории района Тереңкөл не допускается проведение пикетирования ближе 800 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.