Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1/68 "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 2/13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 желтоқсанда № 25580 болып тіркелді

      Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тереңкөл аудандық мәслихатының "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша" 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1/68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7168 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1, 2 -тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.";

      келесі мазмұндағы 2-2 тармағымен толықтырылсын:

      "2-2. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 2/13 шешіміне
1- қосымша
  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1/68 шешіміне
1 - қосымша

Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Тереңкөл ауылы, Жағажай, Елгин көшесі 147.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, Панфилов көшесінің қиылысынан Елгин көшесіннің қиылысына дейін.

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 2/13 шешіміне
2- қосымша
  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1/68 шешіміне
2 - қосымша

Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Тереңкөл ауылы,Жағажай, Елгин көшесі 147, шекті толу нормасы 250 адам;

      2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, Панфилов көшесінің қиылысынан Елгин көшесіннің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 250 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Тереңкөл ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 2/13 шешіміне
3-қосымша
  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1/68 шешіміне
3 - қосымша

Тереңкөл ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Тереңкөл ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық темір жол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады