Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабы 8) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 1-28/145 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің Малыбай ауылында орналасқан "Сырым" шаруа қожалығының аумағында жануарлардың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Павлодар облысы Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 маусымдағы "Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің Малыбай ауылында орналасқан "Сырым" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22948 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің әкімі | А. Айгазинов |