Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің 31.08.2021 № 1-04/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабы 7) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 1-28/90 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің Малыбай ауылында орналасқан "Сырым" шаруа қожалығының аумағында жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің әкімі | А. Айгазинов |