Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 маусымдағы "Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің Малыбай ауылында орналасқан "Сырым" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" № 1-04/2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 1-04/6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 қыркүйекте № 24247 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабы 8) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 1-28/145 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің Малыбай ауылында орналасқан "Сырым" шаруа қожалығының аумағында жануарлардың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар облысы Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 маусымдағы "Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің Малыбай ауылында орналасқан "Сырым" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22948 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің әкімі А. Айгазинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады