Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 маусымдағы "Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылы және Красноармейка станциясының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-1 шешіміне өзгерістер енгізу және Красноармейка станциясының аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 1-03-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24943 болып тіркелді. Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 1-03-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 03.12.2021 № 1-03-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2-36/316 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуге байланысты Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Красноармейка станциясының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. "Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылы және Красноармейка станциясының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 1-03-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23179 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін".

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кемеңгер ауылдық округінің әкімі А. Вакпаев

О снятии ограничительных мероприятий на территории станции Красноармейка и внесении изменений в решение акима сельского округа Кемеңгер от 22 июня 2021 года № 1-03-1 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Шанды и станции Красноармейка сельского округа Кемеңгер Павлодарского района"

Решение акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района Павлодарской области от 22 октября 2021 года № 1-03-3. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 октября 2021 года № 24943. Утратило силу решением акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района Павлодарской области от 3 декабря 2021 года № 1-03-4 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования),

      Сноска. Утратило силу решением акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района Павлодарской области от 03.12.2021 № 1-03-4 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Павлодарского района от 30 сентября 2021 года № 2-36/316, РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации болезни бруцеллеза крупного рогатого скота, снять ограничительные мероприятия, установленные на территории станции Красноармейка сельского округа Кемеңгер Павлодарского района.

      2. Внести в решение акима сельского округа Кемеңгер от 22 июня 2021 года № 1-03-1 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Шанды и станции Красноармейка сельского округа Кемеңгер Павлодарского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 23179) следующие изменения:

      заголовок, указанного решения, изложить в новой редакции:

      "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Шанды сельского округа Кемеңгер Павлодарского района";

      пункт 1, указанного решения, изложить в новой редакции:

      "1. В связи с выявлением болезни бруцеллеза крупного рогатого скота установить ограничительные мероприятия на территории села Шанды сельского округа Кемеңгер Павлодарского района".

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким сельского округа Кемеңгер А. Вакпаев