Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 03.12.2021 № 1-03-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 22.10.2021 № 1-03-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 2-36/154 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жана редакцияда - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 22.10.2021 № 1-03-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кемеңгер ауылдық округінің әкімі | А. Вакпаев |