Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 03.12.2021 № 1-03-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 2-36/316 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуге байланысты Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Красноармейка станциясының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. "Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылы және Красноармейка станциясының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 1-03-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23179 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін".
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кемеңгер ауылдық округінің әкімі | А. Вакпаев |