Шанды ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 1-03-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 желтоқсанда № 25585 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 25 қазандағы № 2-36/360 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуге байланысты Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 маусымдағы "Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-1 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23179 болып тіркелген);

      Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 қазандағы "Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 маусымдағы "Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылы және Красноармейка станциясының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-1 шешіміне өзгерістер енгізу және Красноармейка станциясының аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын алып тастау туралы" № 1-03-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24943 болып тіркелген).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Кемеңгер ауылдық округінің әкімі А. Вакпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады