Успен ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 345/69 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 7170 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Успен ауданыңда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Успен ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының сессия төрағасы А. Ви
      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Р. Бечелова

  Успен аудандық мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 345/69 шешіміне
1 - қосымша

Успен ауданыңда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті
толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және
ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Успен ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1) Успен ауылы Қазыбек би көшесінде орналасқан орталық алаңы. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам;

      2) Успен ауылы Милевский көшесінде орналасқан аудандық мәдениет үйі алдындағы алаң. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 29/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Демонстрациялар, шерулер нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін маршруттар:

      1) Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі бойымен (Қазыбек би көшесінен Милевский көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - жүз адам;

      2) Успен ауылы, Баюк көшесі бойымен (Бұқар жырау көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - жүз адам.

      3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) көше жарықтандыруының болуы;

      2) бейнебақылау камераларының болуы;

      3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.

  Успен аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 8 қаңтардағы
  № 345/69 шешіміне
  2 - қосымша

Успен ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 28.12.2023 № 73/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Успенском районе

Решение Успенского районного маслихата Павлодарской области от 8 января 2021 года № 345/69. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 8 января 2021 года № 7170.

      В соответствии с подпунктами 1), 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Успенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Успенском районе, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проводить пикетирования в Успенском районе согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам законности и социальной политики.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Успенского районного маслихата А. Ви
      Секретарь Успенского районного маслихата Р. Бечелова

  Приложение 1
к решению Успенского
районного маслихата
от 8 января 2021 года
№ 345/69

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний
в Успенском районе, порядок использования специализированных мест для
организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости,
требования к материально-техническому и организационному обеспечению
специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      1. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Успенском районе в форме собрания, митинга:

      1) центральная площадь, расположенная по улице Қазыбек би, в селе Успенка. Норма предельной заполняемости для организации и проведения мирных собраний в форме собрания, митинга - сто человек;

      2) площадь перед районным домом культуры, расположенная по улице Милевского в селе Успенка. Норма предельной заполняемости для организации и проведения мирных собраний в форме собрания, митинга - сто человек.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Успенского районного маслихата Павлодарской области от 12.04.2021 № 29/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Маршруты для организации и проведения мирных собраний в форме демонстраций, шествий:

      1) село Успенка, по улице 10 лет Независимости (от улицы Қазыбек би до улицы Милевского). Норма предельной заполняемости - сто человек;

      2) село Успенка, по улице Баюка (от улицы Бұқар жырау до улицы Қазыбек би). Норма предельной заполняемости - сто человек.

      3. Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний:

      1) нахождение на территории специализированного места в течение времени, указанного в заявлении;

      2) обеспечение сохранности зданий, сооружений, малых архитектурных форм, зеленых насаждений, а также иного имущества;

      3) соблюдение санитарных норм и правил техники безопасности, законодательства Республики Казахстан по соблюдению общественного правопорядка.

      4. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний:

      1) наличие уличного освещения;

      2) наличие камер видеонаблюдения;

      3) обеспеченность парковочными местами.

  Приложение 2
к решению Успенского
районного маслихата
от 8 января 2021 года
№ 345/69

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Успенском районе

      Сноска. Приложение 2 в редакции решения Успенского районного маслихата Павлодарской области от 28.12.2023 № 73/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Не допускается проведение пикетирования на расстоянии 800 метров от границ прилегающих территорий следующих объектов:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.