Успен аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 345/69 "Успен ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 73/13 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 7458-14 болып тіркелді

      Успен аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы "Успен ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 345/69 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7170 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихаты әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Бараисов

  Успен аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
28 желтоқсандағы
№ 73/13 шешіміне
қосымша
  Успен аудандық
мәслихатының 2021 жылғы
8 қаңтардағы
№ 345/69 шешіміне
2-қосымша

Успен ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады