Успен аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы "Успен ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 345/69 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 29/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 7248 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы "Успен ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 345/69 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7170 болып тіркелген, 2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Успен ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1) Успен ауылы Қазыбек би көшесінде орналасқан орталық алаңы. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам;

      2) Успен ауылы Милевский көшесінде орналасқан аудандық мәдениет үйі алдындағы алаң. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихаты әлеуметтік саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ж. Каримова
      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Бараисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады