Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 2-19/143 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің Жылы-Бұлақ ауылында орналасқан "Байзаков" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің "Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің Жылы-Бұлақ ауылында орналасқан "Байзаков" шаруа қожалығының аумағындағы шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №7234 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкімі | К. Альжекеев |