Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23074 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 2-19/143 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің Жылы-Бұлақ ауылында орналасқан "Байзаков" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің "Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің Жылы-Бұлақ ауылында орналасқан "Байзаков" шаруа қожалығының аумағындағы шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №7234 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкімі К. Альжекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады