Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің 16.06.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 2-19/026 ұсынысы негізінде, Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің Жылы-Бұлақ ауылында орналасқан "Байзаков" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шарбақты аудандық аймақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жылы-Бұлақ ауылдық округінің әкімі | К. Альжекеев |