Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес және Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 07-29/64 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округі Алқатерек ауылының "Ақерке" шаруа қожалығының аумағында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақтан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 4.19.1-11/104 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23231 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алқатерек ауылдық округі әкімі | Н. Алин |