Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 4.19.1-11/104 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 шілдеде № 23231 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 4.19.1-11/106 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округі әкімінің 10.09.2021 № 4.19.1-11/106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 08 сәуірдегі № 07-29/38 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округінің Алқатерек ауылында "Ақерке" шаруа қожалығының аумағында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алқатерек ауылдық округі әкімі Н. Алин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады